Елордада қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысқан Ресей азаматшасы ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
Тергеу барысында күдікті автобустарда үш қалта ұрлығын жасағанын мойындады.

Нұр-Сұлтанның полиция қызметкерлері автобустарда ұрлықпен айналысқан қалта ұрысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері бойжеткенді автобуста қалта ұрлығын жасау сәтінде қолға түсірген.

"Ұсталған қыз осы секілді қылмыстар үшін бұрын сотты болған Ресей Федерациясының 20 жасар азаматшасы болып шықты. Тергеу барысында күдікті автобустарда үш қалта ұрлығын жасағанын мойындады. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомство өкілдері.

Елордалық полицейлер аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен немесе қандай да бір ақпараттан хабардар болған азаматтарды, Бейбітшілік көшесі 19 мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД хабарлауды немесе 71-61-71, 71-62-47, 71-60-10, 102 нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте мұқият болуды, бағалы заттарыңызды және ақшаңызды қолжетімді жерлерде сақтамауларыңызды сұраймыз", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі