Алматыда жылу құбыры жарылды: адамдар, пәтерлер мен көліктер зардап шекті

iz.ru
Шығын көлемі есептелген соң жапа шеккен адамдар мен залал келтірілген заттардың иелеріне өтемақы төленетін болады.

Алматының коммуналдық қызметі Пушкин көшесіндегі жылу магистралінің жарылу салдарын жоюда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу жүйелері" ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс бүгін, 10 сәуір күні, сағат 4:14 Пушкин көшесімен өтіп жатқан жылу магистралінің Төле би көшесінің жоғарғы жағындағы аумағында орын алған.

- Жарылыс диаметрі 500 мм болатын құбырдың ескіруі нәтижесінде болды, ол 1993 жылдан бері қолданылып келе жатыр. Ыстық судың атқылау салдарынан төрт тұрғын жапа шегіп, олар ауруханаға жеткізілді, - деді жылу жүйесіндегілер.

Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйдегі жеті пәтер мен соның жанындағы тұрақта тұрған сегіз автокөлікке залал келген.

Шығын көлемі есептелген соң мекеме есебінен заңды түрде жапа шеккен адамдар мен залал келтірілген заттардың иелеріне өтемақы төленетін болады.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 сәуір сағат 16:00 аяқтау жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды