Акттарға қол қою: Қостанай облысында әкімдік шенеунігі пара алу кезінде қолға түсті

Zakon.kz
Бұл атқарылған жұмыстар актына қол қою үшін ЖШС өкілінен алынған 150 мың теңге.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин брифингте Қостанай облысы Федоровск ауданы әкімінің орынбасарының пара алу кезінде қолға түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қостанай облыс бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Федоровск ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Ол атқарылған жұмыстар актісі мен аудандағы автожолдардың күтімін қамтамасыз ету туралы келісімшарт бойынша ЖШС өкілінен 150 мың теңге пара алды деп күдіктелуде, - деп хабарлады Бердалин.

Оның айтуынша, кінәсін мойындағаны үшін процессуалды тұтқындау қолданылған жоқ.

- Күдікті сот алды тергеудің қысқартылған тәртіпте жүргізілуін сұрады. Тергеу жүріп жатыр, - деп сөзін түйіндеді Агенттік департаментінің басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме