Алматыда люктің қақпағы автобустың түбін тесіп өтіп, жолаушыны жаралады

СТВ телеарнасы, "Территория происшествий" бағдарламасы
Жапа шеккен әйел адам аяғы сынған.

Алматыда кәріз құдығының бекітілмеген қақпағы жол-көлік оқиғасына себеп болды. Нәтижесінде жолаушы әйел аяғын сындырып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Sputnik - ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға таңғы сағат ондар шамасында Халиуллин көшесі мен Шығыс айналым автожолының (ШААЖ) қиылысар тұсында орын алған.

Қалалық №65 автобустың жүргізушісі өз бағыты бойынша келе жатқанын айтады. ШААЖ өтіп, ол Халиуллин көшесіне түскен. Жолдың ортасында орналасқан кәріз құдықтарының үстінен жүріп келе жатқан ол, кенет қатты соқыны, артынша көлік ішіндегі әйел адамның шыңғырған дауысын естиді.

Жүргізуші тоқтап, салонға өткен мезетте, ол шойын қақпақтың жартысының автобустың түбін - әйел адам отырған тұсын тесіп өткенін көрген.

Жапа шеккен жолаушы аяғының қатты ауырғанын айтып, дереу жедел жәрдем шақыртуын сұраған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйел адамды қарап, алдын ала болжам бойынша оған "аяқ сүйегі сынған" деген диагноз қойған, сосын оны егжей-тегжейлі тексеруден өткізіп, қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға алып кетеді.

Қазіргі таңда ТЖ орнына коммуналдық қызмет шақыртылды, ендігі жағында олар оқиғаның салдарын жойып, жолдың жүріс бөлігін жөндейтін болады. Оқиғаға кінәлілер Алматы полициясы жүргізіп жатқан тергеудің барысында анықталатын болады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді