Алматыда құдық қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады

Sputnik Казахстан
Жапа шеккен әйел адамның аяғы сынған.

Алматыда жаңбыр суы ағатын құдықтың бекітілмеген қақпағы жол апатына себепші болды. Оқиға салдарынан жолаушы әйел аяғын сындырып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Төтенше жайт таңғы сағат он кезінде Шығыс айналма жолы мен Халиуллин көшесінің қиылысында болған.

Қалалық автобустың 65 жастағы жүргізуші әдеттегі бағдар бойынша келе жатады. Шығыс айналма жолдан өтіп, Халиуллин көшесіне шыққан. Кәріз құдығының үстінен өтіп бара жатқанда, қатты соққы болып, артынша жолаушы әйелдің шыңғырған үні естіледі.

Көлікті тоқтатып қараса, жаңбыр суы ағатын құдық қақпағының жартысы жолаушы әйел отырған жерден автобустың астын тесіп өтіпті.

Зардап шегуші аяғының қатты ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің аяғы сынғанын хабарлап, ауруханаға алып кетті.

Қазір төтенше оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Алматы полициясы болған жайтты тергеп, айыптыны анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды