Шымкентте түн ортасында теракт жайлы хабарлаған күдікті ұсталды

24 kz
Шымкенттік полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматты ұстады.

Шымкенттік полицейлерді түн ортасында белгісіз біреу тік аяқтан тұрғызды. Ол қалада өзінің теракт жасауы мүмкін екендігін хабарлаған, деп жазады Zakon.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қоңырау түнгі сағат 00:15 түскен.

- Оқиға орнына жеткен Шымкент қалалық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызмектерлері жедел іздестіру шараларының барысында күдіктіні ұстады. Қолға түскен азамат Шымкент қаласына қарасты Тассай елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 273 - "Терроризм жайлы жалған ақпарат беру" бабына сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр, - деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды