Алматы тауларында екі жасөспірім адасып кетті: олардың бірі анасына хабарласып үлгерген

Горы, гора, горная местность, горный туризм, туристы в горах, Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 14:34 Фото: Zakon.kz/Асель Аукешева
Алматы тауларында Фурманов шыңы маңында адасып, өздігінен үйіне қайта алмаған екі жасөспірімді құтқарушылар тауып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 26 қазандағы мәліметінше, жасөспірімдер таңертең тауға шыққан. Алайда қараңғы түскенде қайтар жолдан адасып, өздігінен төмен түсе алмай қалған.

Олардың бірі анасымен байланысқа шығып, болған жағдайды хабарлап үлгерген.

Жасөспірімдердің орналасқан жерінің координаттарын алғаннан кейін Қазақстан ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздеуге аттанған.

Құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, Кімасар шатқалындағы алғашқы бақылау-өткізу бекетіне дейін аман-есен жеткізген. Сол жерде олар ата-аналарына тапсырылды.

Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Алматы тауларында 3300 метрден астам биіктікте қалған жасөспірімге құтқарушылардың көмегі қажет болғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: