Балық аулауға шыққан төрт қазақстандық адасып кетті
Фото: pixabay
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, 2026 жылғы 9 қарашада Самар ауданында балық аулауға шыққан төрт ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
"Қараңғы түскен кезде балықшылар бағытынан жаңылып, қалың қамыс арасынан өз бетінше шыға алмаған", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар оларды тауып, көлігіне дейін ертіп барған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке де жүгінбеген.
ТЖМ балық аулауға шыққанда күннің бататын уақытын, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеріп, кері қайту бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Сондай-ақ үйге қайтуды кешкі уақытқа қалдырмаған жөн екенін ескертеді.
Таулы аймақтарға шығатын азаматтар да бағыт таңдағанда сақ болғаны жөн. Тіпті бұрыннан таныс тау жолдарының өзі қауіпті болуы мүмкін. Ауа райының құбылуы, жер бедерінің күрделілігі және дайындықтың жеткіліксіздігі төтенше жағдайларға себеп болуы ықтимал.
Осыған байланысты ТЖМ құтқарушылары тауға серуендеуге шыққанда сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды.