Бір түнде Алматы тауларында бес адам адасып кетті

Бір түнде Алматы тауларында бес адам адасып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2025 12:42 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 8 маусымға қараған түні Алматы мен Алматы облысының тауларында бес туристке құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саяхатшылардың екі тобы, олардың бірінде жасөспірімдер болған, бағыттарынан жаңылып, өз бетімен таудан түсе алмай қалған.

"Көкжайлау шатқалында (2 200 метр биіктікте) үш 17 жастағы жасөспірім жауын салдарынан таудан түсу кезінде адасып, 112 нөміріне хабарласқан. Геолокацияны алған соң ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, жаяу көтеріле бастаған. Көп ұзамай олар жасөспірімдерді тапты", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың бақылауымен олар сәтті төменге түсті.

Ал екінші жағдайда құтқарушылардың көмегі Алматы облысындағы туристерге қажет болды. Талғар ауданындағы "Орман ертегісі” таулы аймағында, "Пионер" лагерінің маңында екі адам жолдан адасқан.

Іздеуде болғандар таңертең ерте табылды. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, туыстарына тапсырды. Оларға да медициналық көмек қажет болмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: