Қарағанды ​​облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2024 15:16 Сурет: Zakon.kz
Осы сенбіде, 8 маусымға қараған түні Қарағанды ​​облысында бес адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Patriot Telegram-арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Абай қаласы мен Дубовка ауылы арасындағы тасжолда болған.

Сағат 22:23-те Қызылорда – Павлодар тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt, Toyota Previa маркалы үш көлік соқтығысқан. Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ жол апатынан кейін екі адам ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың жағдайы ауыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: