Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды-Астана тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Жол апаты, Қарағанды-Астана тас жолы, бес адам қаза тапты, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:15 Сурет: polisia.kz
Жантүршігерлік жол апаты 9 қазанда сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы, Осакаров ауданынан 50 шақырым қашықтықта "Қарағанды-Астана" тас жолында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алған "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, рөлге ие бола алмай жол жөндеп жатқан жұмысшыны қағып, содан кейін жол шетінде тұрған КАМАЗ-ға соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмысшы, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің ішінде болған үш жолаушысы оқиға орынында қаза тапты. 

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.


Жол апаты, Қарағанды-Астана тас жолы, бес адам қаза тапты, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:15

Сурет: polisia.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: