Астана маңында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 10:39 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы бес адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 21 маусым күні Астана – Қорғалжын тасжолы бағытындағы автожолда болған. Жол апатына үш көлік – Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, екі жол талғамайтын көлік бірден отқа оранған.

Оқиға туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған, кейін оны Ақмола облысы полиция департаменті ресми түрде растады.

Полиция мәліметінше, апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілген.

"Алдын ала дерек бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам көз жұмды, 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай қаласының орталығында полиция қызметкерлері мен сотқа жеткізіліп бара жатқан бес қамаудағы азамат жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: