Алматыда құрылыс краны тұрғындарға қауіп төндіруде

pxhere.com
Құзырлы мекемелердің барлығына арыз жазылған, бірақ құрылыс әлі де жалғасып жатыр.

Ақсай-5 шағын ауданының тұрғындары өз үйлеріне өте жақын жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына наразылық білдіріп отыр. Ең сорақысы 13 қабаттың балконына кран жебесі кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға видеосы kris_p_brothers_official паблигінде жарияланды. Онда кран жебесінің балконның ішіне кіріп тұрғаны көрініс тапқан. Ал келесі бір бейнежазбада ол бір қабат жоғары орналасқан пәтердің терезін қиратуға шақ тұр. Бейнежазба авторы өз кезегінде құрылыстың заңсыз жүргізіліп жатқандығын алға тартуда.

- Әуезов ауданындағы Ақсай-5 шағын ауданында "Үш Сұңқар" ТК заңсыз құрылысы жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелердің барлығына арыз жазылды, бірақ құрылыс әлі күнге шейін жалғасуда. 2019 жылы 14 мамыр күні кран "Арыстан" ТК 2 блогінің 13 қабатына кіріп кетті. Кранды басқарып отырған адам ішімдікке мас болуы мүмкін немесе ақыл-есі сау емес, - делінген видео жазбасында.

Жазбаға қатысты қалдырылған пікірлердің көбесінде құрылыстың расыменде тұрғын үйге тым жақын жүргзіліп жатқандығы айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Доброго времени суток, админ! Опубликуйте, пожалуйста. В Ауэзовском районе, в мкр.Аксай-5 идет незаконное строительство ЖК "Уш Сункар". Ранее жалобы направлялись во все инстанции, но строительство продолжается по сей день. 14 мая 2019 года кран заехал на 13 этаж 2 блока ЖК "Арыстан". Водитель крана возможно был в алкогольном опьянении, либо в неадекватном состоянии. @akimat_almaty

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_brothers_official)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды