Көлікте ішімдік ішпеу керек еді: Алматы маңында жол апатынан екі адам ажал құшты

Zakon.kz
Тек жүргізуші ғана аман қалды.

Бейсенбі, 16 мамыр күні кешқұрым, Алматы маңындағы автожолда жан түршігерлік жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"МАЗ" ұзын өлшемді жүк көлігі жүргізушсінің айтуынша, жол апаты сағат 17:30 шамасында орын алған. Ұзын көлік Алматы-Нұр-Сұлтан трассасында колона құрамында келе жатқан. Кенет, жүргізуші Алматыға қарайғы бағыттың 87 шақырымында серіктестерінің тоқтағанын байқайды. Ер адам да жол шетіне шығып, тоқтайды, сосын көлігінен түсе бастаған. Дәл осы сәтте артқы жағында келе жатқан Toyota Carina E автокөлігі де жол шетіне ығыса бастапты, бірақ оның жүргізушісі алдында жүк көлігінің тұрғанын байқап, қайтадан жол ортасына қарай өтпекші болған.

Ол бұл әрекетін жүзеге асырып үлгере алмай, бар жылдамдығымен ұзын көліктің тіркемесіне соғылған. Жойқын соққының әсерінен жеңіл көлік тіркеменің астына кіріп кетіп, оның артқы белдемесін жұлып алады. Ал Toyota-ның төбесі қопарылған.

Жүк көлігінің жүргізушісі апатқа ұшырған көлікке жүгіріп келіп, жапа шеккендерге көмектеспекші болыпты. Ол көлік ішінде аяғы қысылып қалған ер адамды әрең дегенде шығарып алады.

Көлік ішінен шығарылған жүргізушісі - "көлік ішінде ішімдік ішпеу керек еді" дейді.

Оның аяғы сынып, беті тілінген. Арнайы қызметтер келем дегенше ер адамдар әңгімелескен. Toyota жүрізушісінің сөзінше, ол жұмыстан қайтып келе жатқан вахталық қызметкер екен.

Көлікте одан бөлек тағы бір ер адам мен әйел болған. Алған жарақаттар нәтижесінде жолаушылар тіл тарпай кетті. Екеуінің да бас сүйектері қатты зақымданған.

Артқы орындықта екі ішімдік бөтелкесі жатты. Соған қарағанда, жүргізушінің әріптестері спирттік ішімдік ішкен сыңайлы. Көлікте келіспеушілік орын алып, рөлде отырған ер адам соған алаңдап кеткен болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек