Алматыда фура жолаушыларға лық толы автобусқа соғылды

Zakon.kz
Нәтижесінде екі студент жапа шекті.

Алматыда фура мен автобус қатысқан ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Сүйінбай даңғылында орын алды. 29 бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан және көлік іші студенттерге толы болған. Ол осы сәтте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан егде жастағы әйел адамды өткізіп жіберу үшін тоқтайды. Мұнымен қатар сол жақта тағы үш жеңіл көлік тежегішке басыпты. Жаяу адамның жолды кесіп өте бергені сол-ақ екен қоғамдық көліктің жүргізуші қатты шыққан тежегіштің дауысын естиді. Ол айнасынан сол жақта тұрған жеңіл көлікке қарай қатты жылдамдықта фураның келе жатқанын көрген, кенет ол траекториясын өзгертіп, автобусқа қарай бет алған. Жолаушылар автобусының жүргізушісі дереу газ педаліне басады, бірақ қақтығыстан қашып құтылу мүмкін болмапты. Фура автобусты жаншып өткен.

Жойқын соққыдан жолаушылардың барлығы құлап түскен. Нәтижесінде екі студент жапа шегіп, олар ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының мән-жайын анықтау полиция қызметкерлерінің еншісінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі