Шымкентте жүргізушіні өзінің автобусы басып кетті

otyrar.kz
Ол бөлшектерін шешіп жатқан сәтте ауыр салмақты көлік орнынан қозғалып кеткен.

Шымкентте байқаусызда өз автобусының астына түсіп қалған жүргізуші өлім аузынан қалды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Таяуда 1981 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны жарақат алған соң жарты сағаттан кейін жедел жәрдеммен №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіледі. Ол үйінде өз автобусына жөндеу жұмыстарын жасап жатқанда жарақат алған. Яғни, бөлшектерін шешкенде, көлікті дұрыс қоймағандықтан, ол орнынан қозғалып кеткен. Нәтижесінде көлігі өз иесін басып қалады.

Ауруханаға жеткізілгенде, науқастың жағдайы аса ауыр болатын. Оның басы, кеудесі және іш құрсағына жалғасқан жарақат болды. Сондай-ақ көкірек клеткаларының жабық жарақаты, оң жақтағы 6-7 қабырғаларының жабық түрде сынуы, бас сүйек-миының ашық жарақаты, бас миының соққысы, бас және бет сүйегінің сынуы орын алды.

Кезекші хирургтер бригадасы науқасты шұғыл түрде толық тексеруден өткізді. Компьютерлік томография іш құрсағындағы ішкі ағзалардың зақымданғанын анықтады. 8х8 см асқазанның үлкен жыртығы және іштен қан кетіп жатқаны мәлім болды.

Хирургиялық операция кезінде сынған және жыртылған ағзалардың бәрі ретке келтіріліп, ішкі органдарға тексеру жүргізілді. Сосын науқас реанимация және қарқынды терапия бөліміне жіберілді. Клиникалық бақылау барысында байқалғандай, жағдайы бір қалыпты деңгейге түсті. Қазір науқас №2 хирургия бөліміне ауыстырылып, сол жақта тиісті ем қабылдауда. Жағдайы бір қалыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды