Алматыда ағаш құлап, біреудің жап-жақсы мәшинесін талқандады

zakon.kz
Көлік иесі ағаш құлаған сәтте досы екеуінің мәшиненің ішінде болмағанына тәубе деп отыр.

Алматыда ағаштың құлаған бұтағы біреудің минивенін талқандады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқиға Абай даңғылында, Назарбаевтың батыс жағында болған.

Mitsubishi Chariot иесі көлігін Абай даңғылының бойына қаңтарып, қасындағы досымен бірге Байсейітова көшесіндегі үйге беттеген. Сол кезде гүрс еткен дыбысты естісе де, оған мән бермепті. Үйге кіргеннен кейін досы терезеден көлік үстіне ағаш құлағанын көреді.

Көлік иесі ағаш құлаған сәтте досы екеуінің мәшиненің ішінде болмағанына тәубе деп отыр. Бұтақ оңдырмай түсіп, жүргізушінің орындығын майыстырып тастапты.

Көлік иесі әкімдік пен полицияға хабарласқанда, олардан ондай мәселелермен айналыспаймыз деген жауап алыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі