"Мазағы ма?..". Күйеу жігіт құдалықтан келген киім ұнамағаны үшін некесін бұзды

Иллюстрациялық сурет
Телеарнадан Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасы және неке мәселелері, сондай-ақ жастардың жиі ажырасуына не себеп екендігі туралы репортаж көрсетілген.

Өзбекстанда шаңырақ көтерген жас жұп үйлену тойының ертеңінде ажырасып кетті. Сөйтсе күйеу жігітке қыз жақтан келген киім ұнамай, ол мұны мазақ ету деп түсінген, деп хабарлайды Zakon.kz Yoshlar (Жастар) өзбек телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнадан Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасы және неке мәселелері, сондай-ақ жастардың жиі ажырасуына не себеп екендігі туралы репортаж көрсетілген. Бір жігіт өзінің тойы болған күнінің ертеңінде неге ажырасып кеткенін телеарна тілшісіне айтып берген. Өзбектердің дәстүрі бойынша, қыздың әке-шешесі күйеу баласына киім сыйласа, ұлдың әке-шешесі жас келінге ыдыс-аяқ, кілем, тұрмыстық техника сыйлайды екен.

- Қыздың ата-анасының маған берген киімі ұнамады. Түріктікін әкелетін шығар деп ойладым. Өйткені оған олардың шамасы келеді. Әке-шешесі де, ағалары да жақсы жерде жұмыс істейді. Ал олар болса, көп керек етпейтін, қолдан қолға өтіп жүретін "трәпкілерді" әкеліп тықпалаған. Осы дұрыс па? Өзім достарыма, таныс құрбыларыма айттым, ертең күйеуге тиесіңдер, қазірден дайындала беріңдер. Берсеңдер киімді дұрысынан беріңдер деп айтып жатырмын, - дейді ажырасқан жігіт.

Ал сіз жақтың сыйлығы қызға ұнады ма деген сауалға ол жауап бермей, үндемей құтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды