Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қайта қаралды

ҚР СІМ
Сотта Ақжарқын Тұрлыбай қытай тілінде өзі куәлік берді.

Бүгін, 3 қыркүйекте, Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қайтадан көтерілген қылмыстық іс бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот отырысында қорғаушы тарап ұсынған іс материалдары зерделенді.

- Сот отырысында адвокат, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, айыпталушын Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. Сот отырысы сағат 10.00-де басталып, ол екі сағатқа созылды (Гуанчжоу уақыты). Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы қанағаттанарлық, ол сотта өзін жақсы әрі сенімді ұстады. Ақжарқын қытай тілінде өзі куәлік берді, - деп хабарлады ҚР СІМ.

Үкімді жариялау мерзімі әлі анықталмаған.

Айта кетсек, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оған 4,5 келі есірткі тасымалданады деп айып тағылды. Ақжарқын оларды өзіне біреулер салып жібергеніне бек сенімді. Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алайда, кейіннен бұл сот шешімінің күші жойылып, істі қайтадан қарауға жіберілді. Қытайдағы Қазақстанның елшілігінің қызметкерлері Ақжарқын Тұрлыбайға өз қалтасынан ақша шығарып, аракідік көмектесіп тұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді