"Бәрін шығарып үлгерді". Шамалғандағы апат: басынан аяғына дейін

Ешқандай амал жоғына көзі жеткен автобус жүргізушісі соңғы сәтте есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығарған. Содан кейін ғана оқыс оқиға орын алған.

ҚР ІІМ 15 қыркүйекте Алматы облысы Шамалған стансасында болған оқыс оқиғаның басынан аяғына дейін қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Тергеу кезінде анықталғандай, теміржол үстінен өтетін көлік трассасының қос бағыты бойынша да шамамен 18.30 уақытында кептеліс басталған. 19.05-те көліктердің өтуіне тыйым салатын бағдаршамның белгісі жанған, сөйтіп электровоздың жақындап келе жатқанын ескертетін дабыл белгісі іске қосылған. Теміржол бойында автокөліктермен қатар, соның ішінде автобус та болған. Автобус қауіпсіз жерге шыға алмаған, өйткені оның алдында және артында басқа көліктер болған, - дейді ішкі істер министрлігіндегілер.

Бұл төтенше оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3- тармағы және 344-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Автобуспен соқтығысқан пойызда 703 жолаушысы бар 19 вагон болған. Оларға ешқандай зақым келмеді.

Ешқандай амал жоғына көзі жеткен автобус жүргізушісі соңғы сәтте есікті ашып, жолаушыларды сыртқа шығарған. Содан кейін ғана оқыс оқиға орын алған. Автобуспен соқтығысқан электровоз Алматы-1 стансасындағы депоға жеткізіліп, басқасына алмастырылған, сөйтіп жолаушылар пойызы 22-00 уақытында қайта жолға шықты.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Алматы-Шамалған теміржол өтпесінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыз автобусты қағып кетті. Салдарынан 67 жолаушысы болған автобус жүргізушісі мерт болды, одан бөлек екі баласымен қоса бір әйел ауруханаға шұғыл жеткізілді. Қазір олардың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Бәрі де комада.

Оқиғаның мән-жайы құзырлы органдармен әлі анықталу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: