5 жерден пышақ салды: Алматыда бар алдында тұрған жігіттерді пышақтап кетті

pixabay.com
Куәгерлердің сөзінше, шабуыл жасағандар "дөкей" нөмірлі қара джипке мініп, ізін суытқан.

30-шы қыркүйекке қараған түні Алматыдағы Жароков көшесіндегі бардың жанында қанды оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, бір топ жас жігіт бардың кіре берісінде басқа топқа тап берген, нәтижесінде екі адам есінен танып, біріне сол жақ иығы мен жауырын тұсына 5 рет пышақ салынған. Куәгерлердің сөзінше, шабуыл жасағандар "дөкей" нөмірлі қара джипке мініп, ізін суытқан.

Полиция департаменті күдіктілердің кімдер екенін анықтауға кіріскенін айтты.

- Болған оқиғаны Бостандық аудандық полиция бөлімі тексеруде. Арыз келіп түскеннен кейін ҚР ҚК 293 бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру бөлімшелері мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған тиісті шаралар кешені жүргізілуде. Қылмыстың өзге жайттары тергеу барысында белгілі болады, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 293 баптың 3-ші бөлігі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы