Оралда қоқыс жәшігіне өлі сәбиді 4 баланың анасы тастаған

pixabay.com
Тәртіп сақышлары 31 жастағы төрт баланың анасын ұстады. Ол үйде баланы өлі босанып қалғанын мойындаған.

Оралда көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі табылған нәрестенің шешесі кім екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Сұмдық оқиға жайында тәртіп сақшыларына тұрғындардың бірі хабарлаған. Полицейлер келген бойда анасын іздеуге кіріседі. Ал шақалақтың шешесінің анықталуына қоқыс жәшігі маңынан табылған бір бума кілттің көмегі тиген. Осы төңіректегі әр пәтерге кілт сұғып көрген құзырлы орын өкілдері "көкек" ананың баспанасынан бір-ақ шыққан. Сөйтіп 31 жастағы төрт баланың анасы қолға түсті. Соңғысы бесінші перзенті болуы тиіс еді. Келіншектің айтуынша, сәбиін дәретханада босанған. Ол өлі туған соң мәйіттен құтылмақ болыпты. Қазір сөзінің рас-өтірігі анықталуда" дейді телеарна тілшісі.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД баспасөз хатшысы:

- Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1988 жылы туған Орал қаласы тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға болған жерден сөмке, жамылғы, екі пакет және домофон кілті, аяқ киім табылды. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 100 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты