Қызылордада ер адам ұлын құтқарамын деп көз жұмды

: rossaprimavera.ru
Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Қызылордада 30 жастағы ер адам ұлын аман алып қаламын деп жолға ұмтылып, автобустың астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2019 жылдың 17 қазанында сағат 12:30 шамасында болған. Қызылордада Абай- Алтынсарин көшелерінің қиылысында бір бала жол бойына жүгіріп шыққан. Әкесі де баласының артынан тұра ұмтылған. Әкелі-балалыны осы кезде автобус келіп қаққан.

- Қоғамдық көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер белгісі жоқ жерде 30 жастағы ер адам мен оның баласын қаққан. Ауыр соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал 4 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Медициналық-соттық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу немесе абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді