Алматыда қонақүйдегі бала өлімі: күдікті британ азаматы болып шықты

openpolice.ru
Жедел жәрдем қызметкерлері баланың клиникалық өлімде болғанын айтты.

Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жастағы қызды өлтірді деген күдікке 41 жастағы Ұлыбритания азаматы ілінді. Бұл туралы Zakon.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

- Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-тармағы, 3-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген Баракат Мохамедке қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

24 қазан күні таңертең бес жұлдызды қонақ үйде әкесі бір жарым жасар қызын өлімші етіп сабаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, клиникалық өлімді тіркеген. Жан сақтау бөлімінде баланың беті беріп қарап, Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жатқызылды. Бірақ ауруханада қыз көз жұмды.

Бастапқыда ер адам баласын тұншықтырып, өлтірді деген хабар тараған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Мемлекеттік басшысы кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады