Қостанайда Lexus жүргізушісі зейнеткерді бетінен бір ұрып, мұрнын сындырды

aif.md/wp-content
Болған оқиға бейнебақылау таспасына түсіп қалған.

Оқыс оқиға 23 қазанда Қостанайдағы №16 автотұрақ кооперативінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

69 жастағы Анатолий Шевцов өзінің автотұрағы маңына тоқтаған, ол алдымен жеңіл көлігіне тіркелген тіркемені ағытып алмақ болады, сөйтіп үй ауласындағы жолды жауып қалады. Тура сол жолда Lexus көлігі келе жатады. Шевцов оған жолдан өтуіне көмектесіп, белгі беріп тұрған. Жол талғамайтын көлік тар жолмен өткен, бірақ қарияны балағаттап, доқ көрсеткен. Зейнеткер де қалыс қалмай, оған сол күйінде жауап берген. Сол-ақ екен, дәу көліктегі ер адам сыртқа атып шығып, қарияны беттен ұрған. Шевцов қарсыласпақ болғанда ол тағы бірнеше қарымта соққы берген.

Жәбірленуші оның мұрнын сындырып, тісін түсіргенін, ал соққыға жыққан соң өз көлігіне мініп кетіп қалғанын айтады. Зейнеткер полицияға шағым түсірді, бірақ полиция оның кім екенін әлі анықтаған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды