Павлодарда бір әйел баласы түнде ұйықтап жатқан кезде, үйді кілттеп, кафеге көңіл көтеруге кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
- Түнгі сағат 02:39 шамасында полицияға "Камзин көшесіндегі пәтерде бір бала үйінде жылап жатыр" деген қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері баланың пәтерде жалғыз екенін анықтады. Полиция құтқарушыларды шақырып, баламен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Баланы жалғыз қалдырмас үшін әрі қарау оның заңды өкілдерін анықтау үшін полиция оны алып кетті, делінген хабарламада.
Түнгі сағат 04:00 шамасында кәмелетке толмаған баланың анасы Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөліміне келеді. Ол 11 қараша күні түнгі 00.30 шамасында баласының ұйықтап жатқанын пайдаланып, кафеге демалуға барғанын айтты. Үйге сағат 03.00-де оралғанда көршілері оған баласының полиция алып кеткенін айтқан.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, әйел мас болған.
Осы факті бойынша түнде баласын үйде жалғыз қалдырған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік процесуальдық кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.