Дәрігерлер газдан пәтері жарылып, ауруханаға түскен үшеудің жағдайы туралы айтып берді

ssmp14.ru
Жедел жәрдем бригадасы үш науқасты №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, олар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды.

Алматыда пәтерде газ шығу салдарынан пәтері жарылып, ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем бригадасы үш науқасты №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, олар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды.

- 1983 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Оған аралас жарақат диагнозы қойылды. Денесін 100 процент күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Ер адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда. Науқастың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз.

2000 жылғы зардап шегушіге аралас жарақат диагнозы қойылған. Денесінің 85 процентін күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Жағдайы өте ауыр.

1996 жылғы науқастың диагнозы - І-дәрежелі күйік, яғни денесінің 22 процентін, атап айтқанда беті, денесін және аяғын күйік шалған. Науқастың жағдайы өте қиын, бірақ тұрақты, деп хабарлады Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2019 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан үш қабатты жеке тұрғын үйде газ шығып, үйдің сыртқы есігі мен терезелерін сындыра сыртқа лақтырып, от бұрқ еткен. Төтенше жағдайды бақылау тобы оқыс оқиғаның 1-қабаттағы №3 пәтерде болғанын анықтады. Үйдің орталықтандырылған газ желісіне ақау келмеген.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мәліметтері бойынша, Первомайка ауылында Постышев көшесі, 64-V үйде 12 пәтер бар. Олардың барлығы жалға берілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды