Түркістанда үш жігіт канализация қақпақтарын ұрлап, темірге өткізген

ТО ПД Баспасөз қызметі
Түркістан облысы полицейлері 80 дана су құбырының қақпақтарын ұрлаған күдіктілерді ұстады.

Сайрам АПБ-не белгілі фирма басшысынан арыз келіп түседі. Онда мекемеге тиесілі 80 дана су құбырының қақпақтарын 1 айға жуық уақыт ішінде белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрқайсысының құны 13 000 теңге болатын қақпақтар үшін жәбірленуші мекемеге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеледі.

Орын алған мүлік ұрлығын ашу мақсатында Сайрам АПБ криминалды полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, олар шұғыл іске кірісті. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ұрлыққа бейім азаматтарды тексеріп, жақын аймақтарды аралады, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде, бейнекамерадан күдіктілердің бейнесі табылып, күдіктілердің екеуі ұсталды. Үшіншісі іздестірілуде. Күдіктілер жергілікті тұрғындар болып шықты.

Тергеу барысында күдіктілердің біреуі қамауға алынып, екінші сыбайласының бас шарасы "қолхатта". Белгілі болғандай, күдіктілер кез-келген көшедегі су құбырының қақпақтарын ұрлап әкетіп, темір алатын орындарға бөліп-бөліп, сындырып сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері арам ойлы азаматтардан қашанда сақ болып, қажетті шараларды жасауға шақырады. Ұрылардан абай болыңыздар. Сондай-ақ, мал-мүлкіңізді, бағалы заттарыңызды ұрлатып алсаңыз немесе жоғалтсаңыз, тез арада полицияның "102" телефон нөміріне хабар беріңіздер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты