Алматыда ХҚО операторын ұрған кісінің түрмеге түсетін түрі бар

almaty.adilet.gov.kz
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін соққыға жыққан бұзақының ісі қылмыстық сотта қаралады.

Сот ХҚО қызметкерін соққыға жыққан азаматтың әрекетін қоғам үшін аса қауіпті деп санап, істі қылмыс ретінде тергеу үшін полицияға қайтарып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

Еске салсақ, осы жылдың тамыз айында ер адам Алматы қаласының Алмалы ауданының ХҚО-ға жүгінген. Ол өзінің кәмелет жасына толған қызының атынан қызмет алғысы келген, алайда оның туыстық қатынасты растайтын құжаттары болмаған. Ол кісіге құжаттардың толық пакетін беру қажеттілігі бірнеше рет түсіндірілді, бірақ ол құжатсыз-ақ қызметтің көрсетілуін талап еткен. Азаматтың қоқан-лоққысына қарамастан, оператор маман қызмет көрсетуден бас тартқан. Бұған жауап ретінде ер адам ХҚО маманын соққыға жығып, мұрнын сындырған. Полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғап, оны сотқа жіберді. Алайда, сот материалдарды полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау үшін қайтарып берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚО қызметкерлеріне шабуыл жасалған 8 дерек тіркелген.

"Көп жағдайда шабуылдаушылар үшінші тарапқа қызметтерді нотариалды куәландырылған сенімхатсыз алғысы келген. Қызметкерлеріміз қызмет көрсету стандартын сақтай отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартқан кезде, қызмет алушылар ұрсыс бастап, кейбірі тіпті төбелеске барған. Осы барлық факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді", – деп толықтырды А. Балташева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті