Алматы әкімдігі қисайған үй тұрғындарын уақытша орынға көшіруге мәжбүр болды

Алматы ТВ
Келісімшарт мерзімі - үш ай.

Зерделі-6 ықшамауданындағы қисайған 9 қабатты үйде тұратын 54 отбасы уақытша баспанаға көшетін болды. Олар жалға алу келісімшартын ұсынып та үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы шұғыл құрылған арнайы штаб өкілдері мәлімдеді. Келісімшарт мерзімі - үш ай. Ал қалған 18 жанұяға жалға берілетін пәтерлер орын қарастырылып жатыр.

"Экспертизаның қорытындысын, әзірге айта алмаймыз. Ол бір айдың ішінде бола ма, екі айдың ішінде бола ма, әзірге бір тоқсанға келісімшарт жасап келулеріңізге болады деп айттық", – дейді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят АҒЫБАЕВ.

Еске салайын, 11 желтоқсанда Алатау ауданына қарасты бұрынғы "Алғабас", қазіргі "Зерделі-6" ықшамаудандағы тұрғын үй қисайып, тұрғындар дабыл қаққан еді. Қазір сол маңнан арнайы штаб құрылып, азаматтарға көмектесіп жатыр. Оның құрамына, төтеншеліктер, әкімдік өкілдері, полицейлер сынды құзырлы орган қызметкерлері енген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды