"Қазатомпром" әкімшілік жауапкершілікке тартылды

privatization.gov.kz
Компанияға анықталған заң бұзушылықтарды реттеу жөнінде ескерту жолданды.

Қазақстан Республикасының уран экспорты мен импорты бойынша ұлттық оператор мәртебесіне ие «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚ-қа қатысты Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тексеру барысында табиғи уранды тасымалдауға жөнелту, қызметкерлерді даярлау және физикалық қорғаныс жоспары туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлама жібермеу түрінде атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзы анықталды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тексерулер нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалып, әкімшілік жаза қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды