Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.   – Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.  Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 11:42 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.

"Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз", – деп жазды Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: