Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады  Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.  Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.  Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 09:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2026 жылғы 15 маусымдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы өз жеделхатында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Қытай арасындағы достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Си Цзиньпин – Қытайдың көрнекті мемлекет және саяси қайраткері. Ол 2013 жылдан бері Қытай Халық Республикасының Төрағасы, 2012 жылдан бастап Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып келеді.

Си Цзиньпин 1953 жылғы 15 маусымда дүниеге келген. Биыл Қытай көшбасшысы 73 жасқа толды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: