Нұр-Сұлтанда студент бөтен біреудің төлқұжатымен шетелге ұшып кетпек болған

inbusiness.kz
Қазіргі уақытта Сомали Республикасының азаматын әкімшілік жауапкершілікке тарту жайы қарастырылып жатыр.

Нұр-Сұлтан әуежайында басқа біреудің төлқұжатымен ұшып кетпек болған Сомали азаматы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылы 23 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында "Нұр-Сұлтан-Франкфурт" бағытындағы № KС-921 рейсіне шекаралық тексеру жүргізу кезінде Нидерланды Корольдігінің азаматына тиесілі төлқұжатты көрсетіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Сомали Республикасының азаматы ұсталды, - делінген хабарламада.

Шекарашыларды Сомали Республикасы азаматының төлқұжатта көрсетілген фотосуреттегі кескінге ұқсамауы күдік туғызған, құжат егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін оның төлқұжатты көрсетуші адамға тиесілі емес екені белгілі болды.

Аталған азамат еліміздің оқу орындарының бірінің студенті екені анықталды. Биылғы жылдың қазан айында Қазақстанға келген, бірақ қазақстандық визасының мерзімі аяқталғанына байланысты ол өзі секілді студент досының төлқұжатын пайдалануға шешім қабылдапты.

Қазіргі уақытта Сомали Республикасының азаматын әкімшілік жауапкершілікке тарту жайы қарастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты