Біртанов желшешектен көз жұмған бала өлімін жіті зерттеуді тапсырды

Диагноз қойылған кезде балаға көрсетілген медициналық көмектің дұрыс-бұрыстығы да тексеріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов желшешектен қайтыс болған үш жасар сәбидің ісін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-те ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады.

"ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен желшешектен (ветрянка) көз жұмған баланың жағдайына қатысты тәуелсіз сарапшылар шақырылып, жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Диагноз қойылған кезде балаға көрсетілген медициналық көмектің дұрыс-бұрыстығы да тексеріледі. Сондай-ақ өңірге барған кезде вице-министр Ләззат Ақтаева да бұл жағдайда арнайы назар бұрады", – деп жазды ол.

Алдында желіде үш жасар баланың желшешектен қайтыс болғаны туралы жазба жарияланған.

- Бесі күні кешке оның температурасы көтеріліп, біз "ветрянканың" алғашқы белгілерін байқадық. Таңертең ауруханаға жедел жәрдемге хабарластым. Бәрі қалыпты болды. Әдеттегідей, жара орнын "зеленкамен" зарарсыздандырдық. Ваня белсенді, көңілді болды, оны тіпті видеоға түсіріп алдым. Сосын ... Алдымен, ол сол аяғым ауырып тұр деді. Оны бірден бізге қызмет көрсететін Жамбыл аудандық емханаға апардым. Өйткені біз Алматы облысында, Алматы маңында тұрамыз. Ем тағайындалды. Бала қалпына келе бастаған сияқты болды, жара орындары да жазыла бастаған. Сосын Ваня маған: "Әке, менің қолым ауырады" деді. Тағы да сол жағы. Бұл 11 желтоқсанда болды. Тағы да жедел жәрдем шақырттық. Ал келесі күні, 12 желтоқсанда одан айырылып қалдық, - дейді қайғы жұтқан ата-ана.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: