Ырғызда боранда далада қалып кеткен ер адамның өлі денесі табылды

Ашық дерекөздерден алынды
59 жастағы азамат малшы көрінеді.

Өткен тәулікте Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 5 шақырым жерде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

59 жастағы азамат малшы көрінеді. Қазір оның жеке басын анықтау жұмыстары жергілікті полиция қызметкерлеріне жүктелген. Осы ауданның тағы бір тұрғыны кеше кешкісін мал іздеп шығып, адасып кеткен. Абырой болғанда Қалыбай ауылынан шыққан өрт сөндіру бекетінің жедел тобы мен тағы бір шаруа қожалығынан тартылған оншақты адам жерлестерін тез тауып алды.

Дәл осындай құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, Мәртөк ауданында да жоғалған екі азамат табылды. Оның бірі осыдан екі күн бұрын мал іздеп шығып, хабарсыз кеткен. Кейін оны таппақшы болған азамат та жоғалған. Жергілікті жерден жұмылдырылған техника және құтқарушылар күшімен екеуі де аудан орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан мал қыстауынан табылды.

Қазір өңірде ауа райы ашық. Барлық бағытта көлік қозғалысы қалыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды