Семейде сілеусіннің жыртқыш аңға таланып мерт болуына байланысты тың мәлімет жарияланды

hisor.uz
Полиция қызметкерлері ырғалып жүргенде, бұл мәселені қасқыр өзінше "шешіп тастады".

Семейдегі биологиялық орталықта осыдан бірнеше күн бұрын қасқырға таланып, мерт болған сілеусінге қатысты тың деректер мәлім болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы орталық мамандары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, кейбір жағдайларға кеңінен тоқталды.

Тұрғын үйлердің біріндегі жертөледен ұсталып, жабайы мысық осында әкелінгенде, оған жабдықталған орын болмаған екен. Алайда орталық басшылығы табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінің өтінішін жерге тастамай, тәуекелге бел буып, бір күнге қалдыру туралы шешім қабылдаған. Өкінішке қарай, сілеусіннің тағдыры түпкілікті шешілгенше, бір жұмаға жуық уақыт өтіп кеткен. Ал жабайы мысықты көрші орналасқан тордағы қасқыр талап өлтірді.

Валерий Дядов, облыстық биологиялық орталық жетекшісі:

– 3,5 сантиметрлік торшалардан сілеусіннің аяғы сыйып кетеді деп ойламаппын, неге аяғын шығарғаны да түсініксіз. Бұл жағдайды орталыққа келушілер байқап қалған. Бас-аяғы бірнеше секундтың ішінде қасқыр тап беріп, жауырынына дейін жұлып алған. Әрине, жыртқыштар үшін арасы қашық бөлек орындар болу керек, мен ол туралы полицейлерге алдын ала ескертіп айтқанмын. Полиция қызметкерлері ырғалып жүргенде, бұл мәселені қасқыр өзінше "шешіп тастады".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды