ҚР ІІМ Масанчидегі жаппай тәртіпсіздік туралы: Бәрі жолдағы егестен басталған

АиФ
Жаппай тәртіпсіздікке түрткі басты жайт - жолдағы жанжал 5 ақпанда болған.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди жолдағы жанжал жаппай тәртіпсіздікке себеп болған деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Одан Дұнған қауымдастығы басшысының Facebook арқылы көмек сұрауын негізге алған журналистер полицияның дер кезінде оқиға орнына неге бармағанын сұрады.

Ресми түрде, әлеуметтік желілерде хабарламалар тек 7-де жаппай тарай бастады. Егер ол 6-сы күні болса, онда полиция 6-сында жұмылдырылар еді. Біз заңда белгіленген шараларды қолдандық, яғни қақтығысқа қатысушылар бар, олар ұсталды, қылмыстық іс ашылды, кім ұсталуы керек, оларды ұстадық. Жағдай ушыққан кезде жақын ауылдың полиция қызметкерлері көмекке келе бастады. Неліктен ұзап кетті арасы дейсіздер ме, ол жағы түсінікті ғой. Қараңыздаршы, Масанчи облыс орталығынан шамамен 370 шақырымда орналасқан. Ол жерге ұшақпен ұшып бара алмайсыз, ал жолға біршама уақыт кетеді», - деп түсіндірді Калайчиди.

Желіде хабар тараған соң халықтың бір бөлігі бұл төбелеске қатысуымыз керек деп шешкен.

Министр орынбасарының айтуынша, жаппай тәртіпсіздікке түрткі басты жайт - жолдағы жанжал 5 ақпанда болған.

Жол бойындағы ұрсысқа келетін болсақ, үшеу мінген жеңіл көлік өз жолымен тікке келе жатқан, осы кезде жүк көлігіне мінгендер үй қақпасынан жолға шығады. Мәселе олардың бір-біріне жол бермеуінен туындаған. Салдары өздеріңізге белгілі, ұрсыстың арты төбелеске ұласқан, - деді спикер.

7 ақпанда жаппай тәртіпсіздіктер басталды, өйткені желіде хабарлама тарай бастады, ал жастар сол арандатушылардың жетегіне ерді.

Калайчиден осы жолдағы шиеленіс кезінде қарияның таяққа жығылған-жығылмағандығы туралы ақпарат беру сұралды.

Ұрсыс кезінде ол кісі таяқ жеп қалған. Қазір мынаны айтқым келеді, біз желіде жарияланған барлық хабарламаларды зерттейміз, бірінші кезекте сол адамдарды анықтап жатырмыз. Ол арада жүздеген адам бар, - деп жауап берді Калайчиди.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты