Түркістанда бес күн бойы жабыла іздеген жасөспірім Алматыда қыдырып жүріпті

polisia.kz
Жасөспірім Алматы қаласынан табылып, дін-аман әкесінің қолына тапсырылды.

Түркістан облысы полицейлері кәмелет жасына толмаған жасөспірімді Алматы қаласынан қыдырып жүрген жерінен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында кәмелет жасына толмаған 17 жасар ұлы нағашыларының ауылына барамын деп 14 ақпанда сағат 12:00-лер шамасында туысының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Аталған жайт Мақтаарал аудандық полиция бөліміне тіркелді. Аудандық тәртіп сақшылары "бала жоғалды" деп хабар алысымен оны табу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ақыры 17 жасар жасөспірім 19 ақпанда Алматы қаласында жүргені анықталып, Мақтаарал полиция бөлімінің жедел уәкілі Аят Көшербай тез арада жолға шығып, баланы табу жұмыстарына білек сыбана кірісті. Осылайша, жасөспірім Алматы қаласынан табылып, дін-аман әкесінің қолына тапсырылды.

"Тергеу барысында жасөспірім бірнеше ай нағашысының ауылында жұмыс істеп, ақпан айының 14-і күні айлығын алуға барғаны анықталды. Содан қолына ақшасын алған кәмелет жасына толмаған жасөспірім, Шымкент қаласына жол тартып, сонда екі күн, одан ары Алматы қаласына барып, онда үш күн қыдырып, жалдамалы пәтерлерде қонып жүргені белгілі болды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өтпелі кезеңдегі ұл- қыздарыңызбен жақын қарым-қатынас орнатып, дос болыңыздар деп кеңес береді", деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полициядағылар егер де балаңыз ойда-жоқта жоғалып жатса, уақытты оздырмай шұғыл полицияның "102" телефонына хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек