Жер астымен Қырғызстанға бензин айдайтын шланг табылды

ҰҚК ШҚ
Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді.

Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар Қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластик шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин иісі бар сұйықтық табылды.

Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз ЖЖМ тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралы болуы ықтимал.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды