Түркістан облысында полицейлерге шабуылдаған мас жүргізуші ұсталды

видеодан алынды
Үш полиция қызметкері жарақаттарын алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Төтенше жағдай кезіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісай АПБ-нің ЖПҚ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді. Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген "Мерседес-бенц" автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасап, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Отырар.

Үш полиция қызметкері жарақаттарын алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Орын алған оқиға туралы Жетісай АПБ кезекші бөліміне келіп хабарлама келіп түсті. Жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтауға, оны ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жетісай АПБ-нің қызметкерлері ізін суытпай, жарты сағат ішінде Жетісай қаласының тұрғынын, жүгенсіз жүргізушіні құрықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы "орташа дәрежеде" мас халде болған. Және есірткі қолданғаны анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 379-бабы "Билік өкіліне бағынбау" және 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.
Тәртіп бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі