Желіде тікелей эфир арқылы лотерея ойнатқандардың өтірігі ашылды

kavtoday.ru
Лотерея ойынына тігілген құнды сыйлықтар шын мәнінде болмаған. Мысалы, ұтысқа тігілген көліктер бір күнге жалға алынған.

Әлеуметтік желіде бір топ адамның жалған лотерея ойынын ұйымдастыру фактісі әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз бұл факті осы ведмоства қызметкерлері мен Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2020 жылдың 23 сәуірінде анықтаған.

Аталған топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған. Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін, 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды. Әлеуметтік желі арқылы жарнамасы кеңінен тарап, бір билет 9 900 теңгеден сатылып, 20 000-нан астам ойын билеті өткізілген, делінген Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы орган қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын да жеткізді.

Сондай-ақ, лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, 23 сәуірде Алматыда 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Олардың арасында әнші Ернар Айдар да бар. Әнші карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты