Алматыда студент жоғалып кетті

Facebook/ aruzhan.sain
Ол кетерінде туысқарымен ұрсысып-жанжалдаспаған, күдік туғызатын ешқандай әрекет байқалмаған.

2000 жылы туған Ілияс Болатұлына Алматыда іздеу жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Facebook-те Балалар омбудсмені Аружан Саин жариялады.

Бозбала19 мамырда сағат 14: 45-те үйден шығып кетіп, содан оралмаған. Ол өз отбасына серуендеп, сыртқа шығып келетінін айтқан, бірақ содан оралмаған. Ол қара джинсы шалбар, қара көк түсті капюшоны бар жемпір киген, одан бөлек қара кроссовкасы және мен қара рюкзагы болған. Бетінде ақ түсті жиегі бар қара матадан жасалған маскасы болған. Қалтасында Kaspi Gold, Onay карталары және Huawei қара телефоны бар, нөмірі: +7775 478 60 16 .

Бойы шамамен 185 см, арық. Қалың қара шашты, көздері - қара. Ерекшеліктері: тура маңдайында сәл ағарған шашы бар, басын төменге салып, еңкіш жүреді.

Анасының айтуынша, Ілияс Алматыдағы О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің соңғы курсында оқиды.

Үйден шығарда туыстарымен арада ұрыс-керіс болмаған.

Ілияс туралы кез-келген ақпарат мәлім адамдарға мына телефондарға қоңырау шалуды сұралады:

+7 7771132266 - Егізбаева Жақсыбике, анасы;
+77051036210 - Егізбаев Болат, әкесі;
+77019112091 - Әсел Егізбаева, апайы;
+77088101402 - Егізбаев Қайсар, ағасы;
+7 7017419601 - Амзеева Жанар, тәтесі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті