17 жастағы мүгедек бойжеткенді 5 күнде 3 түрлі ер адам зорлаған. Бұл оқиғаның болғанына бір жылға таяу уақыт өтсе де қылмыстық іс толықтай ашылмай келеді.
Азаматша былтыр, 13 тамыз күні емханаға барар жолда адасып кетіп, жолай кездескен тұрғындардан көмек сұрайды. Қыздың ақыл-есінде кемістік барын байқаған бейтаныс жігіт оны өзімен ерітіп әкетіп, қорғансыз қызға білгенін істепті. Психологиялық зақым алған мүгедек бойжеткен одан кейін де өзіне тап берген ер адамдарға қарсылық көрсетуге қауқары қалмаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Дина Таңсәрі, "НеМолчи" қоғамдық қорының өкілі:
"Әкесінің сөзінше, қыздың еш жерінде зақым болмағандықтан, оның зорланғанын дәлелдеу қиын болып тұр. Ұрып-соғу белгілері болмаса, бізде құзырлы органдар екі жақтың келісімімен болған қатынас деп істі жылы жабуға дайын тұрады".
Мүгедек екенін көре тұра айуандыққа барғандардың кесірінен өрімдей қыздың қызғалдақ ғұмыры екі есе соққы алды. "Қызым қазір тұрмысқа шықты. Алайда қылмыскерлер бостандықта сайран салып жүрген кезде ұйқымыз тыныш болмайды", дейді етегі жасқа толған анасы.
"Ең соңғы рет январьда, декабрьде ме еді, шақырттық қой. Экспретизадан өтетін кезде шақырттық. Сол кезде келгісі келмей жылап. Мамам осымен до конца барамыз ба, бітеді ме қалай өзі. Жазаларын алсыншы. Мен оларды сыртта жүр дегенді естісем мен уже қорқам. Ана өзбек Өзбекстанға кетіп қалған. Қазақ пен орыс жүр осында астанада. Қазақты мен күнде көрем, магазинге күнде келеді".
Елордалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шаралары 9 айға созылғанын айтады. Қылмыскерлердің үшеуі де анықталып, кінәларын мойындады. Дәлел жетіспегендіктен, оларды қамауға негіз жоқ деген жауап алдық. Іс қазір Прокуратураның қарауында жатыр екен. Шешімге орай тиісті шара қолданылатын болады.