Алматыдағы қоймада мотоцикл мен квадроциклдер өртенген

ҚР ІІМ ТЖК
Сағат 17.11-де өрт сөндірілді.

Алматыдағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы ТЖД бастығы, Өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровтің айтуынша, өрт туралы хабарлама шұғыл желіге сағат 14.21-де түскен.

Жеке тұлғаларға тиесілі қоймалар өртенді. Бір қойма қытайдың скутеріне лық толы болған, арасында шағын көлемді мотоцикл мен квадроциклдер де бар.

Тағы бір қоймада қағаз бұйымдары болды, мұрағаттық құжаттар болуы да мүмкін. Үшіншісінде - қаптамаға, яғни қорап жасауға арналған материалдар.

Барлығы тез отқа оранды, сондықтан өрт тез күш алды.

Өрт сөндіруге 100-ден астам жеке құрам, 24 дана техника, 6 су таститын көлік, 15 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сағат 17.11-де өрт сөндірілді.

Өте жоғары температура болды. Өйткені өрт өте үлкен аумақты алды. Біз от 1600 шаршы метр аумақты жалмап үлгергенде ауыздықтадық. Зардап шеккендер жоқ. Температураны төмендету үшін ҚР ІІМ ТЖК және Алматы қаласы әкімдігінің авиациясы тартылды, - деді Әубәкіров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма