Қарағандыда көше ортасында BMW көлігіне оқ жаудырғандар іздестіріліп жатыр

liter.kz
Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне нұсқаулық жолданды.

Бүгін түстен кейін Қарағандыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде атыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгісіз біреулер тұрғын үй кешені ауласына кірген BMW көлігіне оқ жаудырды.

Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

9 маусымда белгісіз біреу өзара сөзге келіп, туындаған арадағы жанжал кезінде көліктегі қарсы тарапқа белгісіз қарудан оқ атқан. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиғаға қатыстылардың жеке басы және оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне нұсқаулық жолданды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді