Астананы тағы жаңбыр суы басып, көше көлге айналды

видеодан алынды
Синоптиктердің айтуынша, түнде Нұр-Сұлтан қаласына айлық мөлшердің жартысынан көп жауын-шашын түскен.

Қазгидрометтің мәліметінше, маусының 15-нен 16 қараған түні елордада нөсер болып, айлық мөлшердің жартысынан көп жауын-шашын түскен. Салдарынан астананың құтқару қызметі аяқ-астынан әбден әбігерге түскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңбыр суын сорғытуға 100-ден астам арнайы көлік жұмылдырылды, олар - ассенизаторлық көліктер, мотопомпалар, су сору құралдары. 150 мың текше метрден астам су сорғытылды. Қала көшелерін су басуына жол бермеу үшін әкімдік нөсерлік кәріз құрлысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

"Мысалы, Б.Момышұлы даңғылы қаладағы проблемалы учаскенің бірі. Аталған учаскедегі су басу проблемасы биылғы жазда шешімін табады – көшеде нөсерлік кәріздің магистральдік коллекторының құрылысы жүргізілуде. Аталған кәріздің ұзындығы шамамен 500 метр, басы Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін жалғасады (Б.Момышұлы даңғылы бойында). Осылайша аумақта жауын-шашын кезінде су басу мәселесі толығымен шешіледі", деп хабарлайды қала әкімдігіндегілер.

Сондай-ақ "Жастар" шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында) жеткізуші коллекторларды қайта жаңартуға байланысты тазарту қондырғыларының жұмысы жүргізілуде.

"Жастар" шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл жауын-шашын кәріздерінің өткізу қабілетін едәуір жақсартады. Бұл тазарту қондырғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылындағы тасқын судың алдын алады. Өйткені құрылғы жерастын орнатылып, ал үстінде гүлзар салып, шағын сәулет мүсіндері орнатып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2019 жылы жауын-шашын кәріздері мәселесі "Мыңжылдық" аллеясы ауданындағы екі аумақта толықтай шешілген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді