БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлын аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

видеодан кадр
Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты.

Батыс Қазақстан облысында ер адам 4 жастағы өгей ұлының аяқ-қолын байлап, бірнеше сағат бойы сарайға қамап тастаған. Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін атап өтті. Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтап жатыр.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

"1991 жылы туған ер азамат өзінің 2016 жылғы туған өгей баласын есік алдындағы қораға қамап ұстаған. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 126 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан