"Қан қылды...". Жаңаөзенде болған атыс видеоға түсіп қалған

видеодан алынды
Қазіргі уақытта видеодағы адамдар мен көлікті іздеу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Оқыс оқиға видеосы желіде пайда болды. Онда екі жігіт жол талғамайтын көлікке қарай жүгіреді. Сол кезде айқай-шу басталып, артынан атылған оқтың дыбысы естіледі. Видеодағы ер адамның бірінің қолында басы ұзын мылтық жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір орнында тұрған көлік бір уақытта ытқып қаша жөнеледі. Видеоны түсіруші қыз жердің қан болғанын айтады.

Lada.kz хабарлағандай, Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта видеодағы адамда мен көлікті іздеу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. 102 нөміріне қоңырау түскен жоқ. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да жараланғандар түспеген. Кейінірек полиция көліктің кімге тиесілі екенін анықтағандарын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды