8 жерінен пышақталып, көз жұмған балаға қатысты тың дерек

видеодан кадр
Онымен бірге болған достары түрлі дене жарақаттарын алып, үйде емделіп жатыр.

Таразда 15 жастағы Оралбек Кетебаевтың өліміне қатысты тың дерек жарияланды. Мектеп оқушылары арасындағы жанжал өткен аптада болған еді. Жасөспірім 8 жерінен пышақталып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Онымен бірге болған достары түрлі дене жарақаттарын алып, үйде емделіп жатыр. Оқиға куәгерлері төбелеске Оралбектің сәтсіз әзілі себеп болды дегенді алға тартып отыр. Марқұм құрдас қызбен әзілдеспек болған екен. Ол ағасына айтып, мұның соңы жанжалға ұласқан. Күндіз төбелеспек болған балаларды үлкендер ажыратып жіберіпті. Олар кешке каналдың жанында жолығып, іске нүкте қоюды көздеген. Әр тараптан төрт-төрт баладан болған. Олар алдымен каналдың бір жағасында жаға жыртысса, бірнеше минуттан кейін арғы бетке өткен. Ол жерде балаларды тағы 10 жасөспірім күтіп алып, бәрі жабылған. Қазіргі таңда текетіреске қатысқан әр жасөспірімді полиция жеке-жеке тергеп жатыр.

Басты күдікті 16 жастағы бозбала. Полицейлер пышақ сермеген сол деп күдіктеніп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды